|
09.02.2024 | 10:09
1519

Алматының қоғамдық кеңістіктері қалай өзгереді

Терренкурды абаттандыру және Көктөбені сәулеттік-көркемдік жарықтандыру жағы қолға алынады

Алматының қоғамдық кеңістіктері қалай өзгереді Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыдағы Терренкур демалыс аймағының тартымдылығын іргелес аумақтарды абаттандыру есебінен арттыру жоспарлануда. Бұл туралы қала басшысы Ерболат Досаев Медеу ауданының тұрғындарымен кездесу барысында  айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Қазіргі уақытта Терренкурды абаттандыру бойынша жоба әзірленуде, ол 2024 жылдың 1 тоқсанында аяқталады.

- Жобада заманауи амфитеатр мен жаяу жүргіншілер көпірін салу, тоғанды абаттандыру, балалар мен спорт алаңдарын орнату қарастырылған, – деп атап өтті Алматы әкімі.

- Жазғы кезеңде Медеу ауданының тұрғындары  белсенді демалыс үшін Алатау шағынауданында  жаңа скейтпарк қолжетімді болады.  Оның құрылысы тұрғындардың өтініші бойынша басталып, 2024 жылдың наурыз айының соңына дейін аяқталады, - деп толықтырды сөзін Ерболат Досаев.

2024 жылдың мамыр айында қала символының бірі болып табылатын Көктөбе телемұнарасын сәулеттік – көркемдік жарықтандыру бойынша жұмыстарды аяқтау жоспарлануда. Әкім қала тұрғындары үшін басқа да маңызды қоғамдық кеңістіктерді, оның ішінде Самал-1 шағынауданындағы  "Журналистер" скверін  және Оспанов көшесіндегі жаяу жүргіншілер аймағын реконструкциялау аяқталғанын атап өтті.

Оқи отырыңыз: Алматыда көше жарығы 2025 жылдың соңына дейін 100% қалпына келтіріледі

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир