|
05.01.2024 | 10:20
1852

Алатау ауданында футбол алаңы мен воркаут аймағы салынды

Қазіргі таңда барлық жоба аяқталды

Алатау ауданында футбол алаңы мен воркаут аймағы салынды қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Алатау ауданының Мәдениет шағынауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасымен және ағымдағы жөндеу аясында салынған балалар және спорт алаңының құрылысы аяқталды. Алаң бұрын бос жатқан жерде салынған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл жобаның ауданы 3000 шаршы метр. Сонымен қатар жоба аясында мұнда футбол алаңы, Мәдениет тұрғын үй кешені мен Саин көшесінің арасындағы ұзындығы 220 қума метрлік тротуар салынып, алаңдар, жарық тіректері, орындықтар мен урналар орнатылды.

Бұған қоса, жергілікті тұрғындардың бастамасымен қосымша балалар ойын кешендері, орындықтар мен урналар қосылды.

2023 жылы Алатау ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасының 2 кезеңі аясында тұрғындардан барлығы 99 жоба келіп түсті, оның ішінде тұрғындардың дауыс беруіне қарай 17 жоба іске асырылды.

Ауданда былтыр «Халық қатысатын бюджет» аясында 54 жоба жүзеге асқан. Қазіргі таңда барлық жоба аяқталды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир