Алматыда 2024 жылы 7 жаңа қонақүй салынады

01.03.2024 14:22

Қазіргі уақытта мегаполисте әртүрлі санаттағы 345 қонақүй бар

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда 208,4 млрд теңгеге 3287 нөмірлі 23 қонақүйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. 2024 жылы 7 қонақүйдің құрылысын аяқтау жоспарланған, қалған жобалар 2027 жылға дейін бітеді. Бұл туралы Алматы қаласы туризм басқармасының басшысы Ғалия Тоқсейітова мәлімдеді, Аlmaty.tv.

Оның айтуынша, бұл қаланың нөмірлік қорын ұлғайтуға, сонымен қатар туристердің мегаполисте болу жайлылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта мегаполисте әртүрлі санаттағы 345 қонақүй бар. Алматы қаласының нөмірлік қоры 11 454 бірлік, қонақүй нысандарының біржолғы сыйымдылығы 21,8 мың орыннан асады.

2023 жылдың қорытындысы бойынша Алматыда жеке инвестициялар есебінен 161 орынға арналған 4 қонақүй инфрақұрылымы нысаны ашылды. Олардың ішінде: «Qazaq Auyl» мейрамханалық кешені бар эко-қонақ үй, «Grand Mildom», «Medeu camp», «Dami hotel» қонақүйлері бар.

Оқи отырыңыз: Жол, су және жарықтандыру: тұрғындардың кездесуде айтылған мәселесі қалай шешіледі