Алматының Жетісу ауданында әлеуметтік инфрақұрылым қалай дамып жатыр

28.03.2024 15:24

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев айтып берді

elements.envato.com

 2024 жылдың мамырында Жетісу ауданының Жұмысшы кентінде 240 адам қабылдайтын емхана ашылады, деп хабарлады Алматы әкімі Ерболат Досаев халықпен кездесу барысында, деп хабарлайды Almaty.tv.

 Жөндеу бойынша барлық жұмыстар аяқталды, қазіргі уақытта денсаулық сақтау мекемесінің толыққанды жұмысы үшін құжаттар ресімделуде.

"Сонымен қатар осы жылдың қазан айында Жетісу ауданында  тағы екі жаңа емхана ашылады, оның біреуін 200 келушіге арнап "Саяхат" автовокзалы ауданында және  300 келушіні қабылдайтын Құлагер шағынауданында ашу жоспарлануда", - деді Ерболат Досаев.

Сондай-ақ мегаполис басшысы медициналық қызметтерді алу үшін 2024 жылдың қаңтарында  Кемел ш/а отбасылық-дәрігерлік амбулатория ашылғанын еске салды.

Оқи отырыңыз: Алматыдағы Айнабұлақ шағынауданында жаңа балабақша ашылады