Дамыған инженерлік инфрақұрылым - қаланың даму әлеуетін айқындайды

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бостандық ауданының жылу желілері күзге дейін жаңартылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының Бостандық ауданында жылу желілері жаңартылады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Биыл қыркүйек айына дейін Есқараев көшесінің бойымен 662 метр жылу желілерін қайта жаңарту жоспарланып отыр. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесу барысында айтты.

Қала басшысы 2023 жылы қайта құрудан кейін «Южная» қазандығы қайта іске қосылып, қуаты 41% – 190 Гкал/сағ. дейін ұлғайғанын еске салды. Есқараев көшесі мен Гагарин даңғылында «Орбита» қазандығымен жалғасатын 900 метрлік жылу желісі қайта құрылды.

- Дамыған инженерлік инфрақұрылым қаланың даму әлеуетін айқындайды. Тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерін салу және жаңарту біз үшін басты бағыт болып қала береді, - деді Ерболат Досаев.

Оқи отырыңыз: Ерболат Досаев нәзік жандыларды мерекесімен құттықтады

Новости партнеров