|
05.06.2024 | 10:28
1496

Мамандар болжамы: 2024 жылы Алматы экономикасы 5,5 % өседі

Негізгі капиталға инвестициялар артады

Мамандар болжамы: 2024 жылы Алматы экономикасы 5,5 % өседі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

2024 жылы Алматы экономикасының өсуі 5,5 % деңгейінде болады, деп хабарлайды Аlmaty.tv. 

Бұл туралы мегаполистің экономика басқармасы хабарлады. Мамандардың айтуынша, шаһарда инфляция төмендеп, инвестиция артып келеді. Мемлекет басшысы қала әкіміне Алматы экономикасын әртараптандыру үшін инвестиция тарту, баға тұрақтылығын қамтамасыз ету және инфляция мөлшерін одан әрі төмендету жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.

2024 жылдың 4 айында көлік, құрылыс және байланыс бағыттары жақсарған. Ал негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 390 млрд теңгеге дейін артты. Солайша, өсім 5,8%-ға жетті. Ал жылдық инфляция 7-8%-ға дейін баяулайды деген болжам бар.

- Егер негізгі капиталға салынып жатқан инвестиция өсіп жатса, экономиканың өсуінің қарқыны да, болашағы да бар деген деген сөз. Ал егер ол төмендесе,  жалпы экономиканың өсімінде нақты бір мәселелер бар екенін айғақтайды. Негізгі инвестицияға салынып жатқан капитал көлемі 4,8%-ға өскенін айтып отыр. Бұл қуантарлық жағдай. Демек, инвестиция негізгі капиталға салынып жатыр деген сөз ол қаланың экономикасы жақсарып жатыр дегенді білдіреді,- дейді экономист Мақсат Халық.

Алматылықтардың кәсібі үшін қаланың индустриалды аймағының ауданын екі есеге арттыру жоспарланған. Шағын өнеркәсіп парктерін салу үшін жер телімдерін сатып алу жұмыстары аяқталды.

- Қалада кіші индустриялық парктерді құру жұмыстары белсенді атқарылуда. 2023 жылы 11 кіші индустриялық парк іске қосылды. Биыл сол парктердің аймағын шамамен 250 мың гектарға ұлғайту көзделіп отыр, - дейді Алматы қаласын дамыту орталығы төрағасының орынбасары Жанар Ғабдуллина.

Сондай-ақ шаһарда жұмыссыздық деңгейі төмендеген. 2024 жылдың басынан бері 19 мыңнан аса жұмыс орны ашылды. Ал биылғы жоспар бойынша 87 мың адам қызметке орналасуы тиіс, оның 61% тұрақты болады. Нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 4,7%-ға дейін төмендейді. Одан бөлек, мамандар келтірген көрсеткішке сенсек, мегаполисте орташа жалақы көлемі 16,4%-ға  өсіп, 454 мың теңгеге жетті.

Гүлмарал Изатқызы, Хангелді Ахметханов, "Алматы" телеарнасы

Оқи отырыңыз: Алматының 20 мыңнан астам тұрғыны алғаш рет су құбыры мен кәріз жүйесіне қосылады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир