Медеу ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы шеңберінде тұрғындардың өтінімдері бойынша 19 жоба (100%) іске асырылды. Оның ішінде абаттандыру – 11, контейнерлерге арналған алаңдар орнату –8 жоба. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев аудан халқымен кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Келесі жылы дауыс беру қорытындысы бойынша келіп түскен 170 ұсыныстың ішінен 30 жоба іріктелді, оның ішінде аула аумақтарын жөндеу –12, қоғамдық кеңістікті абаттандыру –11және контейнерлер орнату бойынша –7 жоба", - деді қала әкімі.
Оның айтуынша, 2022 жылы ағымдағы жөндеу аясында 20 аула және Кіші Алматы өзенінің жағалауы абаттандырылды. Жұмыстар келесі жылы жалғасады, 80 ауланы жөндеу жоспарланған. 2025 жылы аула аумақтары 100% жаңартылады.
Жалпы, 2023 жылы 110 жоба іске асырылады, оның ішінде аулаларды жөндеу (80), үйлердің фасадтарын жаңарту(23), автоматты суару жүйелерін реконструкциялау (4) және абаттандыру (3) бар.