|
14.08.2024 | 10:35
1547

Алматыда шетелдік туристер саны артты

Сонымен қатар 6 айда туризм саласына салынған инвестиция 2,5 есе өсті

Алматыда шетелдік туристер саны артты Almaty.tv

Алматыда туристік салаға бөлінетін инвестиция 2,5 есе өсті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мегаполисте биылғы 1 тоқсанының қорытындысы бойынша туристердің жалпы саны 473 309 адамға жетті. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,6% көп. Шетелдік туристер саны 3,4% өсіп, 122,8 мың адамнан асты.

Туристік салада жұмыспен қамтылған халық саны 2,6%-ға артып, 80 838 адамға немесе Алматының еңбекке қабілетті халқының жалпы санының 7,4%-на жетті.

Сонымен қатар 6 айда туризм саласына салынған инвестиция 2,5 есе өсіп, 45,2 млрд теңгені немесе негізгі капиталға салынған инвестицияның жалпы санының 6,3% болды. Осы саладағы салық түсімі екі есе өсті - биыл 1 тоқсанында 21,7 млрд теңгеге жетті. Жергілікті бюджеттің салық кірістерінің жалпы көлеміндегі түсімнің үлесі 5,2%-ды көрсетті.

Көрсеткіштердің өсуі Алматының туристік дестинация ретіндегі тартымдылығының артқанын көрсетеді. Өз кезегінде туристік қызмет пен инфрақұрылымға сұраныстың артуы инвесторларды тартады, жаңа жұмыс орындарын құруға және сапалы қызмет көрсетуге жетелейді.

Мәселен биыл маусымда Алматы халықаралық әуежайының жолаушылар легін 14 млн адамға дейін ұлғайтқан жаңа терминал ашылды. Соңғы 5 жылда Алматыда 1 375 нөмірлі 14 қонақ үй ашылды, оның ішінде желілік деңгейдегі қонақ үйлер (Hilton, Accor және InterContinental) бар. 2027 жылы нөмірлік қорды 1,5 есеге - 17 мың нөмірге дейін ұлғайту жоспарланып отыр.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир