|
14.08.2024 | 11:19
292

90-жылдардағы қылмыс: Қазақстанда ұйымдасқан қарулы топтың басшысы сотталды

Айыпталушы 5 адамды өлтірген

90-жылдардағы қылмыс: Қазақстанда ұйымдасқан қарулы топтың басшысы сотталды elements.envato.com

Ақмола облыстық соты 90-жылдары қылмыстық әрекетімен танымал, ширек ғасыр іздеуде болған банда басшысына қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Сотталушы К. қарулы топ құрып, әрқайсысының рөлін бөліп беріп, бірнеше рет жоспар бойынша топтық шабуылдар жасаған. Олар полиция қызметкерінің формасын, жыпылықтайтын маяктарды, таяқтарды, ауыстыру үшін дайындалған мемлекеттік нөмірлер мен көліктерді пайдаланған.

1 жыл ішінде (1998-1999 ж.) банда К. басшылығымен Солтүстік Қазақстан және Ақмола облысында бірқатар аса ауыр қылмыс жасаған.

Банда мүшелері көлікті тоқтатып, жүргізушілерді өлтіріп, мәйіттерін шұңқырға көміп тастаған. Жалған құжатты қолданып, К. тергеу мен соттан жылдар бойы жасырынған. Ол тек 2024 жылдың қаңтарында ұсталды.

«Айыпталушының 5 адамды өлтіргені куәгерлердің айғағымен, сараптамалардың қорытындысымен және 1999 жылғы қарулы банданың басқа да айыпталушыларына қатысты үкімімен дәлелденді. Сотталушы кінәсін мойындамады.

Сотталушы ҚК-нің 237-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылды және ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылды.

Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру және жаңа қылмыстардың алдын алу мақсатында сотталушы ҚК-нің 96-бабының 2-бөлігінің «А, Ж, З, Н» тармақтарымен (1997 ж. редакциясы) кінәлі деп танылып, 25 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды», - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир