Алматыда Жеңіс күніне орай қандай іс-шаралар өтеді

Almaty.tv
Almaty.tv

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте баяндалды,

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қала активі\белсенділерімен соғыс ардагерлерінің гүл қою рәсімі әскери қызметкерлердің салтанатты маршымен басталып, Алматы қаласы әкімінің эстрадалық және симфониялық оркестрінің мерекелік концерті Қазақстан эстрада жұлдыздарының атсалысуымен ұйымдастырылады. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте баяндалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Серік Құрманғалиев мегаполистің мамыр мерекелеріне дайындық қалай жүріп жатқаны жөнінде баяндап берді.

«Жылдағы дәстүр бойынша Алматыда Жеңіс күнін мерекелеу тұжырымдамасын әзірлеуге ардагерлер белсенді түрде қатысып, қала әкімдігімен бірлесе отырып, 41 тармақтан тұратын қаланың іс-шаралар жоспарын жасаған. Бірінші кезекте соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсету басты назарда. Мереке күні жергілікті билік іс-шара өтетін орындарды безендіріп, қала бойынша билбордтар, медиа тақталар мен LED экрандар орнатады. Биыл 50 мың дана «Жеңіс» туралы таспа шығарылады. Оларды белсенді түрде тарату үшін волонтерлар жаппай тартылады», - деді ол.

Аудан әкімдерімен бірге қалада орналасқан мемориалдық тақталарға, ескерткіштерге, соғыста қаза тапқан, ерлік көрсеткен батырлардың мәңгілік ескерткішіне (Б.Момышұлы ескерткіші, Т.Бигелдинов, С.Нұрмағамбетов, Р.Қошқарбаев, Ә.Молдағұлова мен М.Мәметова, С.Луганскийдің бюсті, «Отан қорғаушы батыр ұлдарына мәңгілік ескерткіш», «Отан үшін шайқаста қаза тапқан батырларға мәңгілік тағзым» атты даңқ ескерткіштеріне) тағзым етіледі.

Тақырыптық дизайндармен безендірілген (брендмауэр, Әскер үйінің қасбеті) кіші архитектуралық пішіндер, концерт сахнасы, ардагерлерге арналған арнайы шатырлар, далалық асхана, ҰОС батырларының тірі «мүсіндері-қойылымының» көрсетілімі және т.б. орналастырылды.

Сонымен қатар, заманауи қазақстандық әскери техника мен қару-жарақ көрмесі көрсетіледі.

Тұрғындарға бейбіт өмірдегі мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін 9 мамырда бір мезгілде бірнеше жерде мәдени іс-шара кеңінен ұйымдастырылады.

Сағат 10:00-ден 14:30-ға дейін Вознесенский соборының алдындағы алаңда (28 гвардиялық панфиловшылар саябағы) концерттік бағдарлама өтеді.

11:00-ден 16:30-ға дейін Арбатта (Жібек жолы мен Панфилов көшелерінің қиылысы) және Ш.Уәлиханов атындағы саябақта да осындай концерт қала тұрғындары мен қонақтары үшін ұйымдастырылады.

Дәл осы күні басқа аудандарда да (Алатау ауданында 7 мамырда өтеді) қатар түрлі мерекелік шара өткізіледі деп күтілуде.

Новости партнеров