|
01.12.2023 | 10:42
2027

Бостандық ауданында жарық нүктелері орнатылды

Бұл туралы Бостандық ауданының әкімі Санжар Меңдібаев мәлімдеді

Бостандық ауданында жарық нүктелері орнатылды қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Бостандық ауданының көшелерінде ұзындығы 659,63 км 23 388 жарық нүктесі орнатылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы Бостандық ауданының әкімі Санжар Меңдібаев мәлімдеді. Биыл мемлекеттік органдарды орталықсыздандыру аясында сыртқы жарықтандыру желісі аудандық әкімдіктердің басқаруына берілді.

Бостандық ауданында ұзындығы - 659,63 км болатын 23 388 жарық нүктесі, 16,2 мың тірек, 210 дана сыртқы жарықтандыруды басқару шкафы (СЖБШ) орнатылды.

Бүгінде сыртқы жарықтандыру желісіне қызмет көрсетуге «Алматы Қала Жарық» МКК-мен шарт жасалды. Бұл жедел бригадалар көшені жарықтандыру мәселесі бойынша азаматтардың өтінімін бірден қолға алады деген сөз.

48 ішінара жарық тартылмаған көшеге ЖСҚ әзірлеу жоспарланып отыр, оған ұзындығы 19,7 км болатын 608 жарық нүктесі мен 594 жарықтандыру тірегін орнату қажет.

Естеріңізге сала кетейік, қазанда Алматыда көшені жарықтандыру мәселесін жою үшін техникалық қызметкерлердің штаты ұлғайтылды. Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен жергілікті учаскелерде жұмыс істеу үшін 20 адамнан тұратын алғашқы бригада жасақталды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир