Алматы әкімдігі қаланың 2040 жылға дейінгі Бас жоспарына сәйкес әзірленген егжей-тегжейлі жоспарлаудың жаңа жобаларын қабылдады, деп хабарлайды Almaty.tv.
ЕТЖ әзірлеушілері басшылыққа алған қағиданың бірі – қала көшелерінде жүрушілердің әр тобы үшін жеке инфрақұрылым, атап айтқанда тротуарлар, веложолдар, автокөлік жолдары, қоғамдық көлікке арналған жолақтар құрылуға тиіс.
Мәселен, тарихи орталықта ЕТЖ бойынша жаяу жүргіншілер үшін қалпына келтіріледі, ал қалған аудандарда жаяу жүргіншілер байланысы жүйесі жолға қойылады - 2030 жылға қарай Алматыда қосымша 200 км жаяу жүргіншілер аймақтары мен веложолдар құрылады.
Жалпы, ЕТЖ Медеу шатқалы, Баум тоғайы, Сайран көлі, Боралдай тоғандары, Іле-Алатау табиғи паркінің аумағы және т.б табиғи кешендер арасында жасыл дәліздер құру көзделген.
Бұл үшін Үлкен және Кіші Алматы, Есентай жағалауларын абаттандыру және көгалдандыру аяқталып, ҮАК бойында демалыс аймағы және басқа да жасыл дәліздер құрылады. Орман-саябақ аймағы Көкқайнар кентінің шығысында, Шаңырақ 1 және 2 шағынаудандары арасындағы сайда, «Батыс» полиорталығында – жаңа желілік саябақта пайда болуға тиіс. Құлжа күре жолы мен Бұқтырма көшесінің қиылысы ауданында (әуежайға барар жолда) көлемі 120 га көл мен екі өзені бар табиғи аумақты абаттандыру жалғасады.
Бұған қоса, Алматының кешенді көлік схемасын (ККС) әзірлеу аясында велосипед көлігі инфрақұрылымын дамытудың нақты бағдарламасы қалыптастырылып жатыр. Велоинфрақұрылымды кеңейту бойынша жобалар биыл жүзеге асырыла бастайды. 2024 жылы шамамен 20 км көше үшін жобаларды әзірлеу және іске асыру жоспарланған.
Веложолақтардың ұзақтығы және жобаларды іске асыру мерзімдері жобалау-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) әзірлегеннен және нақты жобаға сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін айқындалады.
Естеріңізге сала кетейік, Бас жоспарда мегаполисті дамытудың моноцентристік моделінен полицентристік модельге көшу қағидаты бар. Осылайша, 2030 жылға дейін 5 полиорталық құрылады, бұл «Шығыс қақпасы», «Тарихи орталық», «Солтүстік», «Оңтүстік-батыс», «Батыс» сынды арнайы аймақтар, қоғамдық және іскерлік белсенділік орталықтары.
Оқи отырыңыз: Алматының жаңа ЕТЖ жасыл желектер алаңын көбейтуді көздейді