Алматы әкімдігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасын тұрақтандыруға ерекше көңіл бөлінеді. Осы мақсатта арнайы бағдарламалар әзірленіп, оны жеке сауда-бөлшек орындары мен серіктестердің сауда желілері арқылы іске асырылады. Қорлар тек отандық өнімдерден тұрады. Бағалар көтерілмеу үшін түрлі арнайы механизмдер қолданылады, деп хабарлайды Almaty.tv.
28 сауда павильоны мен 11 «демалыс күнгі» жәрмеңкесі арқылы азық-түлік тауарларының негізгі түрлері, оның ішінде 19 ӘМАТ сатылады. Онда 15%-дан аспайтын шекті сауда үстемелері белгіленген. Өнім бағасы қала бойынша орташа нарықтық бағадан 10-20%-ға төмен.
ТЖ мен карантинді енгізу қажетті тауарларға сұраныстың артуына себеп болды. Алматыда қордалана бастаған негізгі өнімдердің бірі қарақұмық жармасы болды. Сондықтан халықтың сұранысын қамптамасыз ету үшін Алматы ӘКК тұрақтандыру қорынан 348,1 тонна көлемінде қарақұмық жармасының тауар басқыншылығын өткізді. Тауар сауда желілері арқылы 305 теңге/кг баға бойынша сатылды, бұл ретте сол кездегі орташа нарықтық баға 339 теңге/кг болған. Сауда желілері, әлеуметтік павильондар мен «демалыс күнгі» жәрмеңкелері арқылы 235 тг/кг (сөреде 240 тг/кг) бағамен 1 500 тонна көлемінде құмшекер бойынша тауар басқыншылығы жүргізілді. 2019 жылы Алматы ӘКК 2 000 тонна көлемінде құмшекер сатып алды. 2020 жылы бұл көлем сатып алу бағасы бойынша кг 215 теңгені құрады, сөреде 220 тг/кг сатылды.
Сонымен қатар, кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдетілген қарыздар беріледі. Осы тетіктің шеңберінде кәсіпкерлік субъектілері өнімнің шекті бағасын белгілеу түрінде ӘМАТ-ты өткізу бойынша қатаң міндеттемелерді орындауы тиіс және серіктестер қарыздар бойынша бөлінген ақшаны Алматы ӘКК бюджетіне қайтарады. Осы «айналым» схема бойынша келесі кәсіпкерлік субъектілерімен шарттар жасалды:
- «Magnum Cash&Carry» ЖШС ӘМАТ-тың 10 позициясына (қарақұмық, түтік кеспе, 1-сұрыпты ұн, күріш, тауық еті, жұмыртқа, сүт, айран, сүзбе, сары май) 2,112 млрд. теңге жалпы сомасына 5,9 мың тонна көлемінде;
- «Magnum Cash&Carry» ЖШС көкөніс өнімдеріне (картоп, қырыққабат, сәбіз, пияз) 1,709 млн. теңге жалпы сомасына 14 608 тонна көлемінде;
- «Сабыржан Company» ЖШС ЖШС ӘМАТ-тың 7 позициясына (1-сұрыпты ұн, нан, қарақұмық, күріш, түтік кеспе, тауық еті, сары май) 255 млн. теңге жалпы сомасына 912 тонна көлемінде;
- «Ақсай» нан-тоқаш комбинаты» ЖШС қалыпты нанға 1 млрд. теңге жалпы сомасына 23,8 мың тонна көлемінде;
- Asyl Meat» ЖШС сиыр етіне (жауырын-төс бөлігі) 42 млн. теңге жалпы сомасына 63,7 тонна көлемінде.
Кешенді жұмыстың арқасында 2020 жылы Алматы ӘМАТ тұтыну бағаларының төмен индекстеріне және республикадағы нан бағасының ең төмен деңгейіне жетті.