Алматыда үй жануарларын тегін зарарсыздандыру және піштіру бағдарламасы басталды

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Бағдарламаны өткізу кезеңі 2021 жылғы 1 қазаннан 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін жалғасады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласында қаңғыбас жануарлардың санын ізгілікті түрде реттеудің 2021-2024 жыл аралығына арналған бағдарламасының шеңберінде үй жануарларын тегін зарарсыздандыру және піштіру бағдарламасын жалғастыру көзделген, оның шеңберінде шамамен 4000 ит пен мысықты қамту жоспарланып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бағдарламаны өткізу кезеңі: 2021 жылғы 1 қазаннан 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін жалғасады.

Бағдарламаға қатысуға Pet Control деректер қорында сенімді есепке алу үшін ветеринариялық паспорты мен микрочипы бар жануарлар жіберіледі. Микрочипы мен паспорты болмаған жағдайда, оларды төменде аталған кез келген емханадан қосымша ақы төлеп алуға болады. Иттер мен мысықтарды зарарсыздандырудың жас шектеуі 7 айдан 9 жасқа дейін, төбет иттер мен ер мысықтарды зарарсыздандырудың жас шектеуі 6 айдан 9 жасқа дейін болады.

Үй жануарларын зарарсыздандыру және піштіру бойынша қызмет:

  •  тіркеу кітабына жануар иесінің алғашқы шағымын (анамнез жинау, операцияға жазылу) тіркеуді;
  •  жануарларды алдын ала клиникалық тексеруді, операцияға қарсы көрсеткіштерді (жүктілік, овуляция, иммунитеттің төмендеуі, алдын ала егудің болмауы) анықтауды;
  •  жануардың тірі салмағын анықтауды және наркоз мөлшерін есептеуді;
  •  алдын ала емдеуді;
  •  наркозға енгізуді;
  •  жануарды бекемдеп байлауды;
  •  операция жасау орнын дайындауды;
  •  операция жасауды;
  •  сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттары бар сіңірілетін тігіс материалдарын қолдануды;
  •  наркоздан шығаруды;
  •  есепке алу кітабында физикалық деректерді тіркеуді;
  •  жануарды күндізгі стационарға кемінде 10 сағат бақылауға жатқызуды;
  •  операциядан кейінгі 3 күн ішінде операция жасалынған жануардың жағдайын бақылауды (телефон арқылы);
  •  ықтимал асқынуларды болдырмау үшін операциядан кейін 10-12 күн өткен соң тігістердің жағдайын бақылауды қамтиды.

Иттер мен мысықтарды тегін зарарсыздандыруға және піштіруге арналған ветеринариялық емханалардың мекенжайлары

«ЦВМ» –Ветеринариялық емханасы мекенжайы: Жамақаев көшесі, 32 үй, телефоны: 8 (727) 313-13-28

«ЦВМ» – Ветеринариялық емханасы мекенжайы: Мамыр-4 шағынауданы, 111 үй, телефоны: 8 (727) 313-13-21

«Mastino» – Ветеринариялық емханасы мекенжайы: Есенберлин көшесі, 217,  телефоны: 8 (727) 327-44-88, 8 (707) 327-44-88

«Allvet» – Ветеринариялық емханасы мекенжайы: Төле би көшесі, 279 «Б»,  телефоны: 8 (727) 396-71-73

«Айболит» – Ветеринариялық емханасы мекенжайы: Абай даңғылы, 26, телефоны: 8 (708) 972‒02‒07

«Dog premium» – Ветеринариялық емханасы мекенжайы: Зимняя көшесі, «Б», телефоны: 8 (727) 354‒33‒23

«АлматыВЕТ»  – Ветеринариялық емханасы мекенжайы: Жансүгіров көшесі, 311, телефоны: 8 (727) 397‒22‒76

«ЗооВита»  – Ветеринариялық емханасы мекенжайы: 8-ші шағынауданы, 10 «А», телефоны: 8 (727) 249‒85‒19.

Новости партнеров