Жетісу ауданының бюджеті 3 есеге ұлғайды

МТСЗН РК
МТСЗН РК
Бұл туралы қала әкімі аудан тұрғындарымен кездесу барысында айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін Ерболат Досаев Жетісу ауданы тұрғындарымен кездесіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әкімдіктерге жаңа функцияны беру аясында барлық ауданда қаржыландырудың ұлғаюы орын алды. Алматы қаласының Жетісу ауданының бюджеті 3 есеге жуық, 18,1 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. Бұл штаттық қызметкерлер санын 19 адамға арттыруға мүмкіндік берді.

Бұл туралы мегаполис әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде айтты. Бюджеттің ұлғаюы 1 сәуірден бастап жүргізіліп жатқан орталықсыздандыру аясында аудан әкімдіктеріне 15 функцияны берумен қатар орын алды.

"Мысал ретінде, орталықсыздандыру аясында Жетісу ауданының әкімдігі биыл 500 млн сомаға 30 мың шаршы метр жолға осы жылы жөндеу жұмыстарын жүргізеді",  деп атап өтті әкім.


Новости партнеров