|
25.05.2023 | 10:45
1554

Алматының Жетісу ауданында 10 мыңнан астам абонент сапалы сумен қамтылады

Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Жетісу тұрғындарымен кездесу барысында айтты

Алматының Жетісу ауданында 10 мыңнан астам абонент сапалы сумен қамтылады kzvesti.kz

Алматы қаласының Жетісу ауданында инженерлік желілерді жаңғырту көзделген. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Жетісу тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кемел шағынауданында сумен жабдықтау және су бұру тарату желілерін салу жоспарлануда. 

Сондай-ақ, оның айтуынша, ауданның 68 көшесінде 25,6 км сумен жабдықтау желілерін қайта жаңарту және 72 км су бұру желілерін салу жүргізіледі.

"Бүгінде мердігерлік ұйымдар анықталды, ҚМЖ маусым айында басталады, 2024 жылдың II тоқсанында аяқталады. Бұл жобаларды іске асыру ауданның 10 мыңнан астам абонентін сапалы сумен және кәрізбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", – деді ол.

Сондай-ақ, оның айтуынша, биыл ауданда ұзындығы 11 км болатын 101 жартылай жарықтандырылмаған көшеде жұмыс жүргізу жоспарлануда.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир