Алматы қаласының аумағында жыл сайын өткізілетін кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарының 1 кезеңі 12 сәуірден бастау алды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жалпы ауданы 2402,54 га 9 орман паркі және 136 қалалық саябақтар, скверлер қамтылады. Өңдеу кестесіне сәйкес 2021 жылғы 12 сәуірінен 4 мамырға дейін ауа райы жағдайларын ескере отырып (құрғақ, жаңбырлы емес ауа райында) жүргізілетін болады. Кене инцефалитіне қарсы күрестің нәтижесі жоғары болуы үшін өңдеу жұмысы 2 кезеңде (2-ші кезең - мамыр, маусым айларында) жүргізіледі.
Қала аумағында кенеге қарсы өңдеу жұмыстарының 1 турының жүргізу кестесі
Аудандар Өңдеу жүргізу күндері
Орманды саябақтар Қала саябақтары мен скверлері
1 Алатау ауданы 12.04.2021ж.
2 Алмалы ауданы 13.04-14.04.2021ж.
3 Әуэзов ауданы 15.04.2021ж.
4 Бостандық ауданы 19.04 - 21.04.2021ж. 22.04-23.04.2021ж.
5 Жетісу ауданы 16.04.2021ж.
6 Медеу ауданы 12.04 - 30.04.2021ж.аралығы 17.04 - 20.04.2021ж. аралығы
7 Наурызбай ауданы 01.05 -02.05.2021ж. аралығы 21.04.2021ж.
8 Турксіб ауданы 03.05.2021ж.-04.05.2021ж. 22.04 23.04.2021ж.
2021 жылғы 14 сәуірдегі жағдай бойынша өңделген учаскелердің ауданы 497,630 га құрады, оның ішінде:
- Алатау ауданының саябақтары мен скверлері -2,930 га;
- Алмалы ауданының саябақтары мен скверлері - 46,700 га;
- "Медеу" табиғи паркінде 8 учаскіде - 448,000 га (өңдеу жалғасуда).
Дезинсекциялық іс-шараларды "Алматы қаласы бойынша дезинфекция орталығы" ШЖҚ РМК филиалы қаланың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау мамандарының тікелей бақылауымен жүргізеді.
Құрылған дезбригадалар қажетті жабдықтармен, көлікпен, жеке қорғаныс құралдарымен жабдықталған.
Кенеге қарсы ем жүргізу үшін "Циперметрин" инсектицид-акарицидті препараты пайдаланылады. Препарат аз уытты және қауіпті болып табылады. (4-сынып). Кенелермен күресу үшін қолданылатын дозалар ең аз және адамдар мен жануарлар үшін толығымен қауіпсіз.
Өңдеу жұмыстары таңертең жүргізіледі. Өңдеуге жататын учаскілердің шекараларында "Кенеге қарсы өңдеу жүргізілуде!" деген ескерту хабарламасы бар тақтай орнатылады.
Назар аударыңыздар! Қала тұрғындары келесі сақтық шараларын сақтауы керек:
- акарицидты препараттың ерітіндісін денеге немесе киімге тигізіп алмас үшін, кенеге қарсы дезинсекциялық өңдеу жұмыстары жүргізілген жерлерден қашықтау жүру керек;
- жердегі шашыратқан препарат кепкенге дейін үй жануарларын өңдеу жұмыстары жүргізілген жерлерге жібермеу керек;
- өңдеу жұмыстары жүрізілген жерлерден 40 күн бойы саңырауқұлақ, шөп немесе жидектерді жинауға және пайдалануға болмайды («Циперметрин» препартының қолдану нұсқаулығына сәйкес).
Алматы аумағы және Алматы облысының іргелес аумақтары кене энцефалитінің тасымалдаушысы болып табылатын иксод кенелері таралған эндемиялық аймақтар болып табылады.