Алматының Медеу ауданында суық су болмайды

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Уақытша қолайсыздық жаңа су құбырын қосуға байланысты туындап отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Медеу ауданында бірқатар ғимарат пен тұрғын үй бір түнге суық судан ажыратылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«14 қазан кешкі сағат 22:00-ден 15 қазан таңғы сағат 7:00 –ге дейін ауданындағы бірқатар ғимаратқа суық су беру уақытша тоқтатылады», – деп хабарлады «Алматы су» кәсіпорнынан. 

Суық судан Достық даңғылы бойымен, Керей-Жәнібек хандары даңғылы, Назарбаев даңғылы бойымен, Горный Гигант, Юбилейный шағын аудандарында, Каменское плато тұрғын алабында, Алматы, VIP Әлем, Луксор коттедждерінде, сондай-ақ Ахмедияров, Бағланова, Байжанов, Бас батыр, Бигелдинов, Горная, Диваева, Домбыра, Елібеков, Жамақаев, Жәнібек, Жуков, Ескендіров, Қамар сұлу, Құрмет, Қыз Жібек, Луганский, Максимов, Манаев, Манғыстау, Найманбаев, Нұрмағамбетов, Омаров, Оңдасынов, Оспанов, Сахариева, Тайманов, Тәтімбетов, Топоркова, Трофимова, Қажымұқан, Хмелева, Чайкин, Шымбұлақ көшелері ажыратылады. 

Әлеуметтік және жалпы білім беретін нысандарға сұраныс көлемінде су жеткізілетін болады. 

Уақытша қолайсыздық жаңа су құбырын қосуға байланысты туындап отыр.

Новости партнеров