Жайлы қалалық орта басқармасы (ЖҚОБ) індет жағдайында алматылықтардың өмірі мен денсаулығын қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында, сондай-ақ коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында ковидті науқастарды емдеуге арналған орындардың санын кеңейту үшін бірқатар нысандарды қайта жабдықтауда деп хабарлайды Almaty.tv.
Ковидті ауруханалар жұмыс істеп тұрған денсаулық сақтау нысандарының негізінде қайта құрылуда. Олар толыққанды жұмыс жасау үшін санитарлық-эпидемиологиялық стандарттарға сәйкес қайта жабдықталған.
Таза және лас учаскелер, шлюздер, дезинфекциялық тоннелдерді бөлетін арақабырғаны орнату, желдету жүйелерін ретке келтіру және басқа да жұмыстар жүргізілуде.
Қазіргі уақытта ковидті ауруханалар ретінде жұмыс істеу үшін 15-тен астам денсаулық сақтау нысандарын, санаторийлер мен басқа да ғимараттарды дайындау және жабықтау жоспарлануда.
Бұрын хабарланғандай, Halyk Arena кешені үшінші эшелонды станса ретінде жұмыс істей бастады.
Тиісті жұмыстар ОҚКА, ОМИА, МКА-ның бос ғимараттарында жүргізілуде. Соның өзінде мекемелердің жұмысы тоқталмады.
Сонымен қатар, «Қазақстан», «Көктем» санаторийлері және басқа да қолайлы ғимараттар дайындалады. Бұл кезеңде ауруханалардың, байланыс жүйелерінің, инженерлік-коммуникациялық және энергетикалық желілердің аумақтарына талдау жүргізіліп, логистика мәселелері пысықталуда.