Мегаполистегі бағыттық автобустар саны артты

23.12.2023 15:56

Жоспарлы қозғалыс аралығы 20 минутқа дейін қысқарады

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

23 желтоқсаннан бастап №107 бағыттағы жылжымалы бірліктер саны "Yutong" маркалы автобуспен 2-ден 5-ке дейін артты, деп хабарлайды Аlmaty.tv. Осылайша жоспарлы қозғалыс аралығы 30 минуттан 20 минутқа дейін қысқарады.

Бұл ретте жолаушылардың өтініші бойынша бағыттың ұзақтығы да артты.

Матаев көшесі - Абдуллин көшесі бойымен жүретін жылжымалы құрам саны көбейеді.

Алматы қалалық Мобильділік басқармасы.

Оқи отырыңыз: Мегаполисте автобус аялдамада тұрған бір топ адамды қағып кетті