Алматы әкімі аудандағы жарықтандыру жұмыстары қашан аяқталатынын айтты

almaty.gov.kz
almaty.gov.kz
Бұл туралы қала әкімі аудан тұрғындарымен кездесуінде айтып берді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданы халқымен кездесуінде ауданды жарықтандыру жұмыстары жайлы айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Сіздердің өтініштеріңіз бойынша «Премьера» тұрғын үй кешені мен «Елисейские поля» коттедж қалашығының 3,4 км электр желісі мен 10 трансформаторлық подстанциясы қыркүйек айында «Алатау Жарық Компаниясы» акционерлік қоғам балансына берілді. 2 426 абонентке жеке шоттар ашылды. Бұл тұрғындарға нақты пайдаланған электр энергиясы үшін қалалық тарифпен (1 кВт үшін 20,7 теңге) төлеуге мүмкіндік береді", - деп мәлімдеді қала әкімі.

Оның айтуынша, 79 трансформаторлық подстанцияға күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізіліп, 3,8 км электр желісі реконструкцияланды.

Ақжар, Қарағайлы, Тастыбұлақ, Шұғыла шағынаудандарындағы 48 көшеге және магистралды көшелердегі 83 жаяу жүргіншілер өткеліне жарық орнатылды.

"Наурызбай ауданындағы (Қарағайлы, Рахат, Тастыбұлақ және Шұғыла шағынаудандары) қалған 59 көшені жарықтандыру жұмысын 2023 жылы аяқтауды жоспарлап отырмыз", - деді Досаев.

Новости партнеров