|
27.10.2022 | 11:17
2132

Халық қатысатын бюджет: Наурызбай ауданында қанша жоба іске асырылып жатыр

Сондай-ақ қала әкімі келесі жылға қанша жоба іріктелгенін айтып өтті

Халық қатысатын бюджет: Наурызбай ауданында қанша жоба іске асырылып жатыр nur.kz

Алматы әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданы халқымен кездесуінде "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы аясында ауданда қанша жоба іске асып жатқанын айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Бағдарлама аясында 1,8 млрд. теңге сомасына 47 жоба орындалды. Ақжар шағынауданындағы (3 га) және Қалқаман шағынауданындағы (2,5 га) скверлер, Қонаев көшесіндегі ұзындығы 1,2 км серуендеу аймағы, Мейрам шағынауданындағы жаяу жүргіншілер аймағы және т.б. абаттандырылды", - деп мәлімдеді қала әкімі.

Оның айтуынша, барлығы 21 қоғамдық кеңістік учаскесі (скверлер, балалар алаңдары, аулалар) және жол инфрақұрылымы бойынша 26 жоба (жолдар, тротуарлар, арықтар, көпір өткелдері, суару жүйесі) абаттандырылды.

Келесі жылы дауыс беру қорытындысы бойынша берілген 129 ұсыныстың ішінен 1,8 млрд.теңгеден астам сомаға 45 жоба алдын ала іріктеп алынды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир