Қарағандылық тұрғын ойын бизнесін ұйымдастырып, 32 млн теңге пайда тапқан

кадр видео АФМ
кадр видео АФМ
Оған 3 жыл 6 айға бас бостандығынан шартты түрде айыру жазасы тағайындалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қаржылық мониторинг агенттігі Қарағандыда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісінің жолын кесті, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Тергеу барысында күдіктінің «Покер» құмар ойынын өткізу үшін жергілікті мейрамханада үй-жайды жалға алғаны, арнайы ойын үстелдерін орнатқаны, ойын фишкалары мен карталарын сатып алғаны анықталды.

Банк шотына түскен қаражаттардың жалпы сомасы 32 миллион теңгеден асқан», - деп жазды ведомстводан.

Сот үкімімен аталған азамат кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 айға бас бостандығынан шартты түрде айыру жазасы тағайындалды.

ҚМА азаматтарды құмар ойындарға — лудоманияға патологиялық тәуелділіктен қорғау мақсатында заңсыз ойын нүктелерін анықтау және бұғаттау жөніндегі жұмысты жалғастыратын болады.

«Егер сіз өкілеттіктерді теріс пайдалану, қаражатты жымқыру немесе басқа да экономикалық құқық бұзушылықтар фактілері жайлы білсеңіз,  АФМ Insider  телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз. Анонимділікке кепілдік беріледі», - делінген ақпаратта.

Оқи отырыңыз: Қызыл кітапқа енген аю су ішіп жатқанда фототұзаққа түсіп қалған

Новости партнеров