|
06.09.2024 | 11:06
321

Ерболат Досаев кәсіпкерлерді жазалау туралы тұрғындардың талабына жауап берді

Тиісті ұсыныстар орталық мемлекеттік органдарға берілді

Ерболат Досаев кәсіпкерлерді жазалау туралы тұрғындардың талабына жауап берді қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесуде тұрғындардың кейбір кәсіпкерге қатысты шағымына жауап берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Мен Торайғыров көшесінен 500 метр қашықтықта тұрамын, бөлмемнің терезесін аша алмаймын, себебі кәуапхананың иісі шығады. Өтінемін, қандай да бір шара қолданыңызшы», деді аудан тұрғынының бірі әкімнен.

Қала басшысы осындай шағымның басқа аудандардан да түскенін, қазір қала бойынша тексеріс жүргізіліп жатқанын айтты.

«Әрбір тексерістен бұрын Құқықтық статистика комитетінде тіркеледі, ол жерде кәсіпкерлерге артық қысым жасап жатқан жоқпыз ба, сол мұқият қаралады. Өткен жолы осы мәселені Ұлттық экономика министрлігі мен Сауда және интеграция министрлігіне ұсынғанымды айтқан болатынмын. Ұсыныс қабылданғаннан кейін мәселені жүйелі түрде шешеміз деп үміттенемін. Қажетті жұмыстарды жүргіземіз», – деді Ерболат Досаев.

Сондай-ақ қала басшысы кәсіпкерлік басқармасына, аудан әкімдігіне, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне осы мәселені бақылауға алуды тапсырды.

«Заң талаптарына сәйкес келетін жақсы сүзгілерді орнату үшін кәсіпкермен сөйлесіңіздер, егер орнатпаса, тиісті шаралар қабылдаңыздар», – деп әкім тапсырма берді.

Қала басшысы бизнестің кәсіпкерлік Кодекспен қорғалғанын және мәселені шешу үшін нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу қажет екенін айтты. Тиісті ұсыныстар орталық мемлекеттік органдарға берілді.

«Қала прокуратурасын объективті тексеріс жүргізуге шақырамын, белгіленген нормалар мен ережелердің сақталмағанын және негізгі талаптардың орындалмай жатқанын көріп, соның негізінде шешім қабылдауға болады, барлығы заңды түрде болуы керек», – деді Ерболат Досаев.

Оқи отырыңыз: Алматының Бостандық ауданында 120 аула жөнделуде

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир