Алматының Алатау ауданындағы 20 көшеде 1,1 мыңнан астам шам және 8 км кабель ауыстырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
2024 жылы Алматының Алатау ауданындағы 284 көшеде сыртқы жарықтандыру желілері қайта жаңартылып жатыр. 2023 жылы «АЖҚ» АҚ инвестициялық бағдарламасы аясында 230 км электрмен жабдықтау желілері мен 93 трансформаторлық қосалқы станцияларға жөндеу жүргізілді. 2024 жылы 275 км электрмен жабдықтау желілері мен 73 қосалқы станция жөнделеді. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданы тұрғындарымен есептік кездесу барысында хабарлады.
Қала басшысы атап өткендей, Рахат-Мәдениет шағынауданындағы электр жарығының жиі өшуі мәселесі шешіледі, мұнда дайындалған жобаға сәйкес жаңа электр жүйесіне 2 мыңнан астам үй қосылады. Жаңа электр желілерін салу осы жылдың маусымында басталып, 2025 жылдың мамыр айында аяқталады.
«Сапалы сыртқы жарықтандыру ауданымыздағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр», - деді Ерболат Досаев есепті кездесуге қатысушыларға арнаған сөзінде.
2023 жылы 20 көшенің 1135 жарық шамдары мен 8 км кабель ауыстырылды (шамдардың жалпы саны - 16 423).
«Көшелерді шаммен толық жарықтандыру үшін аудан әкімдігі 284 көшеде сыртқы жарықтандыру желілерін салу және реконструкциялау бойынша жобалық-сметалық құжаттарды дайындау басталды. Құрылыс-монтаждау жұмыстары осы жылдың соңында аяқталады», - деп сөзін түйіндеді Ерболат Досаев.
Оқи отырыңыз: Алатау ауданы биыл 30 қосымша мектеп автобусын алады