|
10.01.2024 | 11:09
2318

Алматының Терренкур тоғанында 50 метрлік сырғанақ салынады

Негізгі айырмашылығы - оның тоған ішінде салынуында

Алматының Терренкур тоғанында 50 метрлік сырғанақ салынады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

«Терренкур» демалыс аймағының тоғанында 50 метрлік сырғанақ салынады, деп хабарлайды Аlmaty.tv. 

«Снежная горка» әлеуметтік жобасы жеке қаражат есебінен жүзеге асады. Бұл үшін күзгі мезгілде тоған толықтай судан босатылады. Көктемде қайта су жіберіліп, сырғанақ конструкциясы келесі маусымға дейін демонтаждалады. 

Сырғанақтың негізгі айырмашылығы оның тоғанға салынуында. Жасанды айдынында күрт бұрылыстар жоқ. Бұл демалушылардың бұрыштарға соғылу қаупін айзайтады. Жасанды айдынның жоспары бойынша құрылым 20 градус бұрышта орнатылып, 5 арнаға бөлінген, әрқайсысы арнайы тормен қоршалған. Сонымен қатар мәреде тежегіш тор мен арнайы жұмсақ қаптар қойылады. 

Сырғанақ тепкеннен кейін демалушылар үрлемелі баллондарды дөң басына өздері сүйретпейді, бұл үшін арнайы фуникулер бар. Бұл ретте, келушілер қауіпсіздік техникасы бойынша оқудан өткен нұсқаушылардың бақылауында болады.

Бұған қоса, кешен аумағындағы террассада қоғамдық тамақтану орыны мен демалыс аймағы ұйымдастырылады.

Демалыс орнының ашылуы 15 қаңтарға жоспарланған. Баллонды бір сағатқа жалға алу құны - 3 мың теңге. Бір рет сырғанау – 500 теңге. Жұмыс кестесі туралы қосымша хабарланады.

Оқи отырыңыз: Алматыда 200 мың тұрғынды қамтитын қосалқы электр станциясы салынуда

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир