Алматының алдағы 3 жылға арналған бюджетінде әлеуметтік бағдар сақталады

08.12.2023 16:10

Қала басшысы әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға және модернизациялауға баса назар аударады

пресс-служба акимата Алматы

Алматының алдағы 3 жылға арналған бюджеті әлеуметтік бағдарын сақтайды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев мәслихаттың кезектен тыс XII сессиясында мәлімдеді.

- Егер 2022 жылдың соңында әлеуметтік саланың бюджеті 506,4 млрд теңгені құраса, 2023 жылы ол 160 млрд теңгеге – 2023 жылдың қарашада 665 млрд теңгеге дейін өсті. 2024 жылы әлеуметтік салаға 726 млрд теңге бөлу жоспарлануда, бұл Алматы қаласының бюджет шығыстарының 44,7% құрайды, - деді Ерболат Досаев.

Қала басшысы әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға және  модернизациялауға, білім беру және денсаулық сақтау қызметтерінің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға ерекше назар аударылатынын атап өтті.

Оқи отырыңыз: Алматының қысқа мерзімді экономикалық индикаторы 10 айда 13,1% өсті