Алматыдағы «Южный» саябағын реконструкциялау қашан басталады

Фото ашық дереккөзден
Фото ашық дереккөзден
Қазір Алматы мәслихаты оны абаттандыру және көгалдандыру үшін құжат әзірлеп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы «Южный» саябағы 2024 жылы қайта жаңартылады. Саябақ қалаға қайтарылды, қазір Алматы мәслихаты оны абаттандыру және көгалдандыру үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге қаражат бөлу туралы ұсынысты қарастырып жатыр. Бұл туралы Ерболат Досаев халықпен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Тұрғындардың жайлы өмір сүруі үшін 4 қоғамдық кеңістікті абаттандыру жоспарға енген. Жаңа жобалар: Үлкен Алматы өзенінің жағалауы (№1 тұндырғыштан Абай даңғылына дейін ұзындығы 7,1 км), бұрынғы Резиденция орнындағы саябақ, Тұңғыш Президент саябағы, «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндері кешеніне іргелес аумақ», – деді қала әкімі.

Сонымен қатар, тұрғындардың көптеген өтініші бойынша Жер қатынастары басқармасы сквер салу үшін Қазыбек Тауасарұлы көшесіндегі ауданы 0,4 га жер телімін қаланың балансына қайтару бойынша жұмыстар жүргізіп отыр деді.

Новости партнеров