Наурызбай ауданында «Халық қатысатын бюджет» 600 млн теңгеге көбейтілді

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Бағдарлама аясында 47 жоба таңдап алынды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Е.Досаев Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Наурызбай ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасын қаржыландыру көлемі 600 млн теңгеге, яғни 1 млрд. 800 млн теңгеге дейін көбейтілді.

"Бағдарлама аясында 47 жоба таңдап алынды. Оның ішінде 20 жоба қазан айының соңына дейін аяқталады. Осы жобалар шеңберінде балалар алаңы, workout алаңдары, спорт аймақтары, жаяу жүргіншілер және парк аймақтары салынады. 129 жоба дауыс беру нәтижесі бойынша келесі жылдан бастап іске асырылатын болады", - деді қала әкімі.

Ауданда қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бейнебақылау камераларымен қамту мақсатында барлық әлеуметтік объектілерде, сондай-ақ адам көп жиналатын жерлерде желтоқсан айына дейін 300 видеомониторинг жүйесі орнатылады.


Новости партнеров