|
16.04.2024 | 11:17
949

Түрксіб ауданының кәсіпкерлері су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесіп жатыр

Бұл 5 тонна немесе 25 мың шаршы метр геотекстиль, су жинағыш құрылысы мен бөгет салу кезінде қолданылады

 Түрксіб ауданының кәсіпкерлері су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесіп жатыр коллаж Almaty.tv

Алматы қаласы Түрксіб ауданының кәсіпкерлері су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге кезекті гуманитарлық көмек жіберді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ауданның кәсіпкерлері, оның ішінде «Қазферросталь» ЖШС, «Алматы қаласының халықаралық әуежайы» АҚ, «ҚазГеоСинтетика СҮ» ЖШС Батыс Қазақстан облысының Орал қаласына ірі гуманитарлық жүк жіберді.

Бұл 5 тонна немесе 25 мың шаршы метр геотекстиль (гидрооқшаулағыш материал), су жинағыш құрылысы мен бөгет салу кезінде қолданылады.

Бір апта бұрын азық-түлік, бірінші кезекте қажетті заттар, киім-кешек және т.б. заттарды «Түрксіб жәрмеңкесі» «Жетісу Семиречье» және «Үміт» базарлары су тасқынынан зардап шеккендерге батыс өңірлерге жөнелткен болатын.

Гидрооқшаулағыш материалдың шұғыл қажеттілігін ескере отырып, Түрксіб ауданының әкімдігі авиациялық тасымалдауға көмек көрсетеді.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласының әкімдігі Орал қаласына қызмет көрсететін персоналы бар арнайы мақсаттағы машиналарды жөнелткен.

Оқи отырыңыз: Петропавлда полиция қала көшелерін қайықпен патрульдеуге көшті

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир