Жобаның саябақпен өзара үндесуін қамтамасыз етеміз - қала басшасы
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданының тұрғындарымен есептік кездесу барысында тұрғынның «Мәншүк» скверін жөндеу туралы сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
- Әлия мен Мәншүк алаңындағы саябақтарға келсек, қайта құру жұмыстарын бастау мерзімін күтеміз. Мені саябақтың жоғарғы бөлігінде Панфилов көшесіне жақын жердегі «Аққу» дәмханасын қалпына келтіру жұмыстары жоспарланған жеке учаскенің мәселесі қызықтырады. Бұл жұмыс қалай жүргізіледі, онда Қызыл кітапқа енгізілген 100 жылдық емен бар. Мұның бәрін бақылау керек. Сирек кездесетін ағаштарды сақтау керек, сонымен қатар шыршаларды дұрыстап қайта отырғызу керек.
Әкімнің жауабы:
- Естеріңізде болса, 2023 жылы саябақтағы жөндеу жұмыстарын аяқтағымыз келді, қажетті қаржыны бөлдік. Бірақ «Шах» құрылыс компаниясының мердігері осы жоба және келесі жылы абаттандыру мен көгалдандыруға қатысты тағы екі жоба бойынша сенімді ақтаған жоқ. Істі сотқа бердік және біз жеңдік шықтық. Ақпан айында экология басқармасы жаңа байқау өткізеді. Биыл жұмысты аяқтаймыз деп үміттенеміз. Өкінішке қарай, 2023 жылы жөндеуге бөлінген ақшаны 2024 жылға ауыстыруға мәжбүр болдық. Бұрын мақұлданған және келісілген жоба сол күйінде қалады. «Аққу» дәмханасына келсек, ол тарихи келбетін сақтайды. Біз субұрқақты, сонымен бірге ағаш отырғызуды сақтадық. 2023 жылдың соңында қажетті жабдықты сатып алдық. Алмалы ауданының Жасыл комиссиясымен бірге әрі қарай не істеу керектігін қарастырайық. Жобаның саябақпен өзара үндесуін қамтамасыз етеміз.
Оқи отырыңыз: Алмалы ауданында 5000-нан астам көше жарығы жаңғыртылады