|
13.05.2022 | 11:24
5658

Алматыда 160 мың шаршы метр жерге гүл отырғызылады

Биыл көпжылдық гүлдерді 15 мамырға дейін, біржылдық өсімдіктерді 10 маусымға дейін отырғызады

Алматыда 160 мың шаршы метр жерге гүл отырғызылады пресс-служба акима Алматы

Алматыда көпжылдық және біржылдық сәндік өсімдіктерді отырғызу жұмыстары басталды. Гүлмен әсемделетін аумақтың жалпы көлемі 159 мың шаршы метрді құрайды, оның ішінде 26 мың шаршы метр жер көгалдандырылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қалада раушан, қызылкүрең, коламбус, абба, лаванда, сәлбен, қазтамақ, гортензия және өзге де сәндік өсімдіктер отырғызылады. Жол жиектеріне біржылдық гүлдер отырғызылады, маусым ішінде гүлдеп болғаннан кейін келесі маусымда өсіп шығатын гүл бадандары қолданылады.

Мамандар баданалы өсімдіктермен қатар, көпжылдық және біржылдық гүлдерді де егіледі. Бүгінде көпжылдық өсімдіктердің үлесін арттыру бойынша жұмыстар кезеңмен жүргізілуде, олардың қазіргі үлесі 17%, 2023 жылы 60%-ға жеткізу жоспарланған.

Гүлдер климаттық жағдайларға, көлемі мен қалпына, гүлзарлардың декаративтігіне қарай таңдалады. Биыл көпжылдық гүлдерді 15 мамырға дейін, біржылдық өсімдіктерді 10 маусымға дейін отырғызады. Ал баданалы өсімдіктер қазан және қараша айларында егіледі.

Биыл суару жұмыстарын қала бойынша күшейту жоспарланған. Мемлекеттік-жеке серіктестік аясында қаланы сәнді көгалдандыру жұмыстарына 400 маман мен 50 бірлік техника жұмылдырылды.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир