Алатау ауданында айналма жолдың құрылысы басталады
baq.kz
Бұл туралы Алматы қаласы әкімі аудан тұрғындарымен кездесу барысында айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Биыл Алатау ауданында айналма жолдың құрылысы басталады, бұл туралы Алматы қаласы әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Сіздерден 57, 33, 25 автобустарының жолын тағы 2 аялдамаға ұзартуды сұраймыз," - деді аудан тұрғыны.
"Бізде 9-12 метрлік автобустар болғандықтан, олардың жолын созуға мүмкіндік жоқ. Себебі көшелер тар, қоғамдық көлік кіріп шыға алмайды. Қазір бұл жаққа шағын автобустарды жүргізу мәселесі қаралып жатыр. Ал аудан белсенділерінің өздері таңдаған аумақта айналама жол салынады. Құрылысты биыл бастаймыз. Айналма жол салынып болған соң, сіздерге 700-800 метрдей жақындықта 2 маршрут кіреді," - деді Алматы қаласы әкімі Ерболат Досаев.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
10.10.2026 12:53
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
11.10.2026 09:08
Иммунитетті қалай күшейтуге болады - мамандар кеңесі
10.10.2026 09:54
Баланың сабаққа зейінін арттыратын тағамдар аталды
10.10.2026 15:10