|
03.11.2023 | 11:47
2241

Алматылық көпбалалы аналар әкіммен кездеседі

Аудан әкімдерінің қабылдау кестесі жасалды

Алматылық көпбалалы аналар әкіммен кездеседі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласының әкімі бекіткен кестеге сәйкес, 2023 жылдың қазан айында аудан әкімдері көпбалалы аналармен 8 кездесу өткізді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Кездесуге барлығы 83 көпбалалы ана келді. Олар көкейтесті сауалдарын қойып, әкімге 91 сұрақ жолдады. Оның 57-сі бойынша түсінікте берілді, кездесулерден кейін 20 сұрақ пысықталды тағы 14 сұрақ қаралып жатыр. 

Көпбалалы аналардың негізгі мәселесі:

Тұрғын үй алу тәртібі (кезекке қою) - 17 (19%);

Білім (балаларды мектепке және балабақшаға орналастыру, мектеп формасы, «Art.sport») – 16 (18%);

Денсаулық сақтау-5 (5%);

Әлеуметтік жәрдемақылар (АӘК, азық – түлік жиынтықтары) - 11 (13%);

ТКШ және абаттандыру (газ қосу, сумен жабдықтау және су бұру) - 4 (4%);

Жұмысқа орналастыру және бизнеске арналған гранттар-3 (3%);

Басқа мәселелер-35 (38%).

Қала әкімі аудан әкімдерімен және Алматы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен келісілген 2023 жылғы қарашаға аудан әкімдерінің қаланың көпбалалы аналарымен кездесудің тиісті кестесін бекітті.

Еске салсақ, бұған дейін өтініштерге байланысты Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев аудан әкімдері көпбалалы аналармен ай сайын кездесу ұйымдастыруды тапсырған болатын. 

Аудан әкімдері 2023 жылдың қараша айында көпбалалы аналармен кездесулер кестесі:

Алатау ауданы

17.11.2023 жылы сағат 11:00-де Алатау ауданы әкімінің аппараты (Жанкожа батыр көшесі, 26)

Алмалы ауданы

23.11.2023 жылы сағат 10:00-де «Бақытты отбасы» орталығы

(Наурызбай батыр көшесі, 106 А)

Әуезов ауданы

24.11.2023 жылы сағат 09:00-де Әуезов ауданы әкімінің аппараты (Алтынсарин даңғылы, 23)

Бостандық ауданы

24.11.2023 жылы сағат 10:00-де №10 жалпыбілім беретін мектептің акт залы (Бұқар жырау бульвары, 50б)

Жетісу ауданы

23.11.2023 жылы сағат 10:00-де «Бақытты отбасы» орталығы (Жансүгіров көшесі, 65)

Медеу ауданы

19.11.2023 жылы сағат 10:00-де №53 мектеп-гимназия (Глубокая көшесі, үй 18)

Наурызбай ауданы

29.11.2023 жылы сағат 11:00-де Наурызбай ауданы әкімінің аппараты (Шұғыла ш/а, 347)

Түрксіб ауданы

22.11.2023 жылы сағат 11:00-де «Бақытты отбасы»  орталығы (Р.Зорге көшесі, 9)

Оқи отырыңыз: Жаңа демалыс аймағы: Алматыда бос жер абаттандырылды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир