Шағын және орта бизнес субъектілерінің залалдарын өтеу жөніндегі комиссия тағы 183 өтінішті мақұлдады, деп хабарлайды Almaty.tv.
2022 жылғы 13 ақпанда шағын және орта бизнес субъектілерінің мүліктік залалдарын анықтау жөніндегі Өңірлік комиссия кәсіпкерлердің 351,5 млн. теңге жалпы сомасындағы 183 өтінішін мақұлдады. Оның ішінде, 218,7 млн. теңге сомасындағы 111 өтініш бюджет қаражаттарының, 132,8 млн. теңге сомасындағы 72 өтініш «Жаңа Алатау» қайырымдылық қоры қаражаттарының есебінен қаржыландырылды.
Комиссия жұмысының барлық кезеңінің ішінде, 996,4 млн. теңге сомасындағы 545 өтініш мақұлданды, оның ішінде, 431,1 млн. теңге сомасындағы 251 өтініш бюджет қаражаттарының 565,3 млн. теңге сомасындағы 294 өтініш «Жаңа Алатау» қайырымдылық қоры қаражаттарының есебінен қаржыландырылды.
Зардап шеккен шағын және орта бизнес субъектілерінің өтініштері Info Kazakhstan сайтына келіп түсуі жалғасуда.