|
17.01.2022 | 11:56
2685

Алматыда қайырымдылық акциялары көптеп ұйымдастырылып жатыр

Қаладағы 572 отбасы мен 5 ҮЕҰ-ға 8 тоннаға жуық азық-түлік сатып алынды

Алматыда қайырымдылық акциялары көптеп ұйымдастырылып жатыр Almaty.tv

Алматы әкімдігінің аппараттық кеңесінде қаланың Әл-ауқат басқармасының басшысы Назира Тоғызбаева аз қамтылған отбасыларды, күш құрылымдарын және үкіметтік емес ұйымдарды (ҮЕҰ) қолдау туралы айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Алматы қаласында қалыптасқан жағдайға байланысты 2022 жылдың 9 қаңтарынан бастап «Жақсылық бастауы» қайырымдылық қорымен бірлесіп құқық қорғау органдары мен Ұлттық ұланның 1455 қызметкерін ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша қайырымдылық акциясы өткізілуде. Ал «April Group» ЖШС-мен бірге 200 аз қамтылған отбасыға азық-түлік жиынтығы берілді», - деді қалалық Әл-ауқат басқармасының басшысы.

Оның айтуынша, мәслихат депутаттары мен жанашыр азаматтардың қаржылай қолдауымен 572 әлеуметтік осал отбасы мен бес үкіметтік емес ұйым – Қазақ зағиптар қоғамы, «Ана үйі» қоғамдық қоры, «Реванш» қоғамдық қоры, «Жанұя» дағдарыс орталығы, «Тин челлендж» есірткіге тәуелділікті оңалту жөніндегі медициналық орталық үшін 8 тоннаға жуық азық-түлік сатып алынды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир