Алматыда қолайсыз ауа райы: коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс кестесіне ауыстырылды

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Коммуналдық қызметтер тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда ауа райы құбылады, деп хабарлайды Аlmaty.tv. тілшісі Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасына сілтеме жасап.

«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша, 14 наурызда сағат 16.00-ден 15 наурызда сағат 04.00-ге дейін Алматы қаласында биіктігі 8-10 см қар аралас жауын-шашын болады.

Қала бойынша жайлы қозғалысты қамтамасыз ету үшін коммуналдық қызметтер тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді.

Күндізгі уақытта қар тазалау жұмыстарына 463 бірлік техника, 18 мотопомпа және 1012 жол жұмысшысы жұмылдырылды. 89 бірлік арнайы техника мен 320 жұмысшының күшімен көлденең арық желілерін тазарту жұмыстары аяқталуда.

14 наурызда түнгі уақытта 320 м3 қар шығарылды. Қысқы кезеңде барлығы 367,3 мың м3 қар шығарылды.  

Қардың түсуіне, жолдың нашар көрінуі және жолдардағы көктайғақ құбылыстарына байланысты автокөлік жүргізушілерінен жылдамдықты азайтуды, тежеуге бірден жүгінбеуді, қашықтықты, бүйірлік аралықты және маневр жасау ережелерін сақтауды сұраймыз. Жүргізушілерге ағаштардың құлау қаупі мен электр желілерінің үзілуіне байланысты көліктерді жол жиегіне қоймауға кеңес беріледі. Жаяу жүргіншілер тротуарлармен жүру кезінде абай болуы тиіс, белгіленген жерлерде көшелерді кесіп өтуі керек.

Оқи отырыңыз: Алматыда көше жарығын қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда

Новости партнеров