|
21.06.2020 | 11:59
3584

Алматыда ауқымды дезинфекцияның екінші күні басталды

20-21 маусымында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында ауқымды дезинфекциялау жұмыстарын жүргізу жоспарланған

Алматыда ауқымды дезинфекцияның екінші күні басталды

Алматыда ауқымды дезинфекцияның екінші күні басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

21 маусым күні  сағ. 08:00-де адамдар көп жиналатын қоғамдық орындарды дезинфекциялаудың екінші күні басталды. Жұмыстарды бүгін сағ. 18:00-де аяқтау жоспарлануда.

Атап өтелік, бірінші күні барлығы 469 нысан дезинфекцияланды, оған 75 бірлік техника мен 194 дезинфектор жұмылдырылды.

20 маусым күнгі сағ. 18:00-ге дейін келесі нысандар дезинфекцияланды:

Алатау ауданында 8 базар, 11 сауда орталығы, 5 фитнес орталық, 4 сквер;

Алмалы ауданында 6 базар, 22 сауда орталығы, 27 фитнес орталығы, 4 стадион, 1 саябақ , 22 сквер, 10 жүргіншілер жолағы, 2 жағажай, 11 жоласты және 1 жолүсті өткелі, 6 балалар және спорт алаңы;

Әуезов ауданында 4 базар, 32 сауда орталығы, 32 фитнес орталық, 1 саябақ, 11 сквер, 1 жағажай және 1 жаяу жүргіншілер жолағы;

Бостандық ауданында 14 сауда орталығы, 7 супермаркет, 50 фитнес орталығы, 3 саябақ, 1 сквер, 2 жағажай;

Жетісу ауданында 16 базар, 9 сауда орталығы, 6 супермаркет, 15 фитнес орталық, 1 саябақ;

Медеу ауданында 2 базар, 19 сауда орталығы, 31 фитнес орталық, 2 саябақ, 16 сквер, 7 бульвар;

Наурызбай ауданында 2 базар, 2 сауда орталығы, 3 фитнес орталық, 1 саябақ, 1 сквер, 3 балалар және спорт алаңы, 2 көгал;

Түрксіб ауданында 6 базар, 7 сауда орталығы, 10 фитнес орталық, 3 саябақ, 11 сквер, 1 жағажай.

Еске сала кетейік, Алматыда карантиндік шаралардың күшейтілуіне және сауда орталықтарының базарлардың, саябақтар мен скверлердің, адамдар көп жиналатын орындардың жабылуына байланысты ағымдағы жылдың 20-21 маусымында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында ауқымды дезинфекциялау жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир