|
29.05.2024 | 12:04
1347

Халықаралық балаларды қорғау күні: Алматыда мереке құрметіне қандай іс-шаралар өтеді

Мегаполистің әр ауданында мерекелік бағдарлама ұйымдастырылады

Халықаралық балаларды қорғау күні: Алматыда мереке құрметіне қандай іс-шаралар өтеді Алматы әкімдігі / пресс-служба акима Алматы

Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күнін тойлауға арналған іс-шаралар 30 мамырдан басталады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қалалық кітапханаларда балалар суреті байқаулары мен кітап көрмелері өтеді:

- 30 мамырда сағат 10:00-де №6 кітапханада «Балалардың  күлкісі әлемді әрлейді» суреттер байқауы өтеді;

- Мемлекеттік қуыршақ театрында 31 мамырда сағат 11:00-де биыл тұсауы кесілген «Етік киген мысық» спектаклі көрсетіледі, содан кейін жас көрермендер «Үйшік» қойылымын сағат 14:30-да қазақ тілінде және 16:00-де орыс тілінде көре алады.

1 маусым - Балаларды қорғау күні қаланың әр түкпірінде мерекелік бағдарламалар өтеді:

- Басты концерт Орталық мәдениет және демалыс саябағында сағат 11.00-де өтеді. Сахнада қазақстандық эстрада жұлдыздары, сондай-ақ балалар вокалдық және би ұжымдары өнер көрсетеді;

- Д.А.Қонаев атындағы музей үйінде сағат 11:00-де және 15:00-де «Менің музейім» атты экскурсиямен қатар квест-ойын өтеді;

- Сонымен қатар Н. Тілендиев мемориалдық музейінде сағат 12:00-де «Балалық шаққа саяхат» атты ашық сабақ өтеді;

Сонымен қатар Балаларды қорғау күні қаланың кейбір ауданында мерекелік іс-шара өтеді:

- Алатау ауданында сағат 11:00-де Нұркент, 5/11 мекенжайында орналасқан Мультимедиялық дәстүрлі музыкалық орталығында балаларға арналған экскурсия өтеді.

- Әуезов ауданында сағат 11:00-де Family Park демалыс саябағында мерекелік концерт, сондай-ақ спорттық ойындар мен шығармашылық белсенділік өтеді.

- Алмалы ауданында сағат 11:00-ден 16:00-ге дейін Махатма Ганди саябағында Халықаралық байқаулар мен фестивальдар лауреаттарының және ауданның шығармашылық ұйымдарының ансамбльдерінің қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.

- Жетісу ауданында сағат 10:00-де Гүлдер саябағында Damu Bala бағдарламасының қатысушыларымен мерекелік концерт, сондай-ақ көрме, түрлі шеберлік дәрістері мен шахматтан турнир өтеді.

- Медеу ауданында сағат 13:00-де Орталық мәдениет және демалыс саябағында, сондай-ақ Алатау шағынауданында сағат 11:00-де ауданның шығармашылық ұжымдарының қатысуымен мерекелік концерт өтеді.

- Наурызбай ауданында сағат 18:00-де Шұғыла, 347 мекенжайындағы амфитеатр аумағында концерттік бағдарлама, қолөнер жәрмеңкесі және суреттер көрмесі ұйымдастырылады.

- Түрксіб ауданында сағат 10:00-де С.Сейфуллин атындағы саябақта өнер ұжымдары мен ансамбльдердің қатысуымен концерттік бағдарлама өтеді, сондай-ақ балаларға арналған түрлі квесттер, шығармашылық шеберлік дәрістерімен спорттық ойындар ұйымдастырылады.

Оқи отырыңыз: Алматыда аз қамтылған отбасыдан шыққан мыңға жуық бала тегін білім алуда

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир