Мегаполистің әр ауданында мерекелік бағдарлама ұйымдастырылады
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күнін тойлауға арналған іс-шаралар 30 мамырдан басталады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қалалық кітапханаларда балалар суреті байқаулары мен кітап көрмелері өтеді:
- 30 мамырда сағат 10:00-де №6 кітапханада «Балалардың күлкісі әлемді әрлейді» суреттер байқауы өтеді;
- Мемлекеттік қуыршақ театрында 31 мамырда сағат 11:00-де биыл тұсауы кесілген «Етік киген мысық» спектаклі көрсетіледі, содан кейін жас көрермендер «Үйшік» қойылымын сағат 14:30-да қазақ тілінде және 16:00-де орыс тілінде көре алады.
1 маусым - Балаларды қорғау күні қаланың әр түкпірінде мерекелік бағдарламалар өтеді:
- Басты концерт Орталық мәдениет және демалыс саябағында сағат 11.00-де өтеді. Сахнада қазақстандық эстрада жұлдыздары, сондай-ақ балалар вокалдық және би ұжымдары өнер көрсетеді;
- Д.А.Қонаев атындағы музей үйінде сағат 11:00-де және 15:00-де «Менің музейім» атты экскурсиямен қатар квест-ойын өтеді;
- Сонымен қатар Н. Тілендиев мемориалдық музейінде сағат 12:00-де «Балалық шаққа саяхат» атты ашық сабақ өтеді;
Сонымен қатар Балаларды қорғау күні қаланың кейбір ауданында мерекелік іс-шара өтеді:
- Алатау ауданында сағат 11:00-де Нұркент, 5/11 мекенжайында орналасқан Мультимедиялық дәстүрлі музыкалық орталығында балаларға арналған экскурсия өтеді.
- Әуезов ауданында сағат 11:00-де Family Park демалыс саябағында мерекелік концерт, сондай-ақ спорттық ойындар мен шығармашылық белсенділік өтеді.
- Алмалы ауданында сағат 11:00-ден 16:00-ге дейін Махатма Ганди саябағында Халықаралық байқаулар мен фестивальдар лауреаттарының және ауданның шығармашылық ұйымдарының ансамбльдерінің қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.
- Жетісу ауданында сағат 10:00-де Гүлдер саябағында Damu Bala бағдарламасының қатысушыларымен мерекелік концерт, сондай-ақ көрме, түрлі шеберлік дәрістері мен шахматтан турнир өтеді.
- Медеу ауданында сағат 13:00-де Орталық мәдениет және демалыс саябағында, сондай-ақ Алатау шағынауданында сағат 11:00-де ауданның шығармашылық ұжымдарының қатысуымен мерекелік концерт өтеді.
- Наурызбай ауданында сағат 18:00-де Шұғыла, 347 мекенжайындағы амфитеатр аумағында концерттік бағдарлама, қолөнер жәрмеңкесі және суреттер көрмесі ұйымдастырылады.
- Түрксіб ауданында сағат 10:00-де С.Сейфуллин атындағы саябақта өнер ұжымдары мен ансамбльдердің қатысуымен концерттік бағдарлама өтеді, сондай-ақ балаларға арналған түрлі квесттер, шығармашылық шеберлік дәрістерімен спорттық ойындар ұйымдастырылады.
Оқи отырыңыз: Алматыда аз қамтылған отбасыдан шыққан мыңға жуық бала тегін білім алуда