Алматыдағы Жетісу ауданының әкімі тағайындалды

Алматы әкімдігі / пресс-служба акима Алматы
Алматы әкімдігі / пресс-служба акима Алматы
2019 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі тағайындауға дейін Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы қызметін атқарды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қала әкімінің өкімімен ҚР Президенті Әкімшілігінің және Алматы қаласы мәслихатының келісімі бойынша Жетісу ауданының әкімі болып Ляззат Жылқыбаева тағайындалды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Ляззат Жылқыбаева 1975 жылы 29 наурызда туған. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын, Х. А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін, Экономика және құқық академиясын бітірген.

Еңбек жолын Алматыдағы №1 қазақ педагогикалық колледжі тарих пәнінің мұғалімі қызметінен бастаған.

2006 жылдан бастап Алматы қаласы білім басқармасының құрылымында жұмыс істеді. 2012-2016 жылдары Алматы қаласы Білім басқармасы білім бөлімінің басшысы болды. 2016-2019 жылдары Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

2019 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі тағайындауға дейін Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Новости партнеров