|
27.02.2024 | 12:12
1435

Аққұтан, үйрек және бақтақ: Алматыдағы Сайран көлінде жергілікті фауна қалпына келе бастады

Ол қала тұрғындарының демалатын және серуендейтін сүйікті орнына айналды

Аққұтан, үйрек және бақтақ: Алматыдағы Сайран көлінде жергілікті фауна қалпына келе бастады Фото: Дмитрий Доценко

Аққұтан, үйрек және бақтақ: Алматыдағы Сайран көлінде жергілікті фауна қалпына келе бастады, деп хабарлады Almaty.tv.

Естеріңізге сала кетейік, 1971 жылдан бері Алматыда алғаш рет Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен Сайран көлі тазартылды. Бұл жұмыс былтыр тұрғындардың тұнба мен қамыстың шіріген иісіне шағымның көбеюіне байланысты жүргізілді. Көлдің түбінен және жағасынан 140 мың текше метрден астам қоқыс пен лай шығарылды.

Сайран қала тұрғындарының демалатын және серуендейтін сүйікті орнына айналды. Алматылықтар көлде балықты көрді, ал жағалауда балық аулап тұрған аққұтанды байқады.

Фотограф Дмитрий Доценко аққұтанның көкбас балығын аулап тұрғанын суретке түсіріп алды. 

- Бұл - біздің Алатаудың эндемик балығы. Сондықтан өте құнды сурет түсіріп алдым! Ойлап қараңызшы, 2024 жылы екі миллион тұрғыны бар мегаполистің қақ ортасында нағыз жабайы табиғатты көре аласыз! Бұл ғажайыпты қорғау керек, - деді алматылық фотограф өзінің Instagram парақшасында.

Айта кетейік, биыл Алматы әкімдігі Әуежай көлі мен Қарасу көлін тазартуды жоспарлап отыр.

Оқи отырыңыз: Әуезов ауданында 20 мыңнан астам ағаш отырғызылады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир