Алматыда қалалық мәслихаттың XXVII сессиясы өтті

YouTube
YouTube
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда қалалық мәслихаттың XXVII сессиясы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин, Алматы қаласы мобилділік басқармасының басшысы Ғани Мырзаханов, Алматы қаласы энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы Санжар Алин, Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева, спорт басқармасының басшысы Бейбіт Шаханов, қаржы басқармасы басшысының м.а. Алтынай Төлеутаева, цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев, кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Берік Солтанбаев қатысты.

Сессияның күн тәртібі:  

- Алматы қаласының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы;

- Алматы қаласы бойынша іске асыруға жоспарланған мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жергілікті жобаларының тізбесін бекіту туралы;

- Алматы қаласында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын бекіту туралы;

- Алматы қаласында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бекіту туралы. 

Новости партнеров