Биыл жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 162 жұмыс орны құрылды, 16 бригада және 45 арнайы техника бірлігі жұмылдырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Биыл (ойылған жерлерді) жөндеу үшін 250 мың м2 асфальтбетон жабындысы төселеді және 40 аялдама қалталарын, алаңдарды ретке келтіру жоспарлануда.
Қазіргі кезде биыл (ойылған жерлерді) жөндеу жұмыстары бірінші кезекте магистральды көшелерде жүргізілуде, кейін біртіңдеп аудандық маңызы бар көшелерге ауысатын болады.
Биыл жөндеу жұмыстары аудандық әкімдіктердің өтініштері, ПД ЖПБ-ның, Open Almaty және т.б. берген ұйғарымдары бойынша анықталған жағдайда тұрақты жүреді.
Жылдың қысқы кезеңінде көше-жол жабынындағы ақаулар суық асфальтбетон қоспасын төсеу арқылы уақытша жөнделеді, кейін көктем-жаз маусымында ыстық асфальтбетон төселеді, қоспаның орташа тәуліктік температурасы +10, құрғақ негізде іске асады.
Жалпы, Алматы қаласында көше-жол желісінің ұзындығы 3 096,8 шақырым, көше саны - 2 746. Оның ішінде магистральды маңызы бар көшелер - 385, олардың ұзындығы 1150 шақырым. Жергілікті маңызы бар көшелердің саны - 2361, олардың ұзындығы 1946,8 шақырым.