Құлжа тракті – Бұқтырма көшесі бойындағы жолайрығы мыңдаған алматылықтардың мобильділігін арттырады

instagram.com/sagintayev.b
instagram.com/sagintayev.b
Жобаға сәйкес мұнда төрт және алтыжолақты қозғалыспен жүретін заманауи әрі көпдеңгейлі жол өткелі салынатын болады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы әкімі Б. Сағынтаев жұмыс сапары барысында Құлжа тас жолының Бұқтырма көшесімен қиылысқан тұсында салынып жатқан жолайрығының құрылысын тексерді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Құлжа тас жолының Бұқтырма көшесімен қиылысқан тұсында қаланың «Шығыс қақпасы» жанындағы қозғалысты жеңілдететін көлік айрығы салынуда. Қала тұрғындарына «әуежай айналма жолы» ретінде таныс бұл аймақта көлік нөпірі сейілмей тұр», –  деп жазды қала әкімі Б. Сағынтаев өзінің Instagram-дағы парақшасында.

Оның мәліметі бойынша, жобаға сәйкес мұнда төрт және алтыжолақты қозғалыспен жүретін заманауи әрі көпдеңгейлі жол өткелі салынатын болады. Құлжа тас жолы бойындағы эстакаданың ұзындығы 784 шақырым, Бұқтырма көшесіндегі туннелдің ұзындығы 570 шақырым. Аумақтың айналасын абаттандыру үшін 750 ағаш отырғызылады.

«Жоспар бойынша келесі жылдың соңына қарай пайдалануға берілгеннен кейін Бұқтырма көшесінің өткізу қабілеті 30%-ға, ал Құлжа трактісі бойынша 15%-ға өседі. Жалпы бұл жолайрығы Түрксіб ауданы мен қала маңындағы елді-мекендердің 350 мыңға жуық тұрғынының жүріп-тұруына қолайлы жағдай туғызбақ», – деп атап өтті Б. Сағынтаев.

Еске салсақ, қазіргі кезде Алматыда Сейфуллин даңғылы – Жансүгіров көшесінің және Рысқұлов даңғылы – Емцов көшесінің қиылыстарында тағы екі көлік жолайрықтары салынуда. Олардың құрылыстарын аяқтау 2021 жылдың соңына жоспарланған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

24.09.2020 Құлжа тас жолының Бұқтырма көшесімен қиылысқан тұсында қаланың «шығыс қақпасы» жанындағы қозғалысты жеңілдететін көлік айрығы салынуда. Қала тұрғындарына «әуежай айналма жолы» ретінде таныс бұл аймақта көлік нөпірі сейілмей тұр. ⠀ Жоба бойынша мұнда төрт және алты жолақты қозғалысы бар заманауи көп деңгейлі жол өткелі салынады. Құлжа трактісі бойынша эстакаданың ұзындығы — 784 м, Бұқтырма көшесі бойындағы туннельдің ұзындығы — 570 м болмақ. Іргелес аумақты абаттандыру кезінде 750 ағаш егіледі. ⠀ Жоспар бойынша келесі жылдың соңына қарай пайдалануға берілгеннен кейін Бұқтырма көшесінің өткізу қабілеті 30%-ға, ал Құлжа трактісі бойынша 15%-ға өседі. Жалпы бұл жол айрығы Түрксіб ауданы мен қала маңындағы елді-мекендердің 350 мыңға жуық тұрғынының жүріп-тұруына қолайлы жағдай туғызбақ. —— На пересечении Кульджинского тракта с ул. Бухтарминской строится транспортная развязка, призванная разгрузить движение у «восточных ворот» города. Данный участок, известный среди алматинцев как «аэропортовское кольцо», сильно перегружен. ⠀ По проекту здесь будет построен современный многоуровневый путепровод с четырех- и шестиполосным движением. Протяженность эстакады по Кульджинскому тракту составит 784 м, а туннеля по ул. Бухтарминской — 570 м. При благоустройстве прилегающей территории будет высажено 750 деревьев. ⠀ После сдачи в эксплуатацию, планируемой на конец следующего года, пропускная способность по ул. Бухтарминской вырастет на 30%, а по Кульджинскому тракту — на 15%. В целом эта развязка позволит повысить мобильность порядка 350 тыс. жителей Турксибского района и пригородных населенных пунктов.

Публикация от Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b)23 Сен 2020 в 11:13 PDT


Новости партнеров