Алматыда көлік апатынан 200-ден астам үй газсыз қалды
Жол-көлік оқиғасына қатысты арыз, Алматы қалалық Полиция департаментінің жол полициясына берілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда үлкен жүк көлігі газ құбыры желісін қағып кетті, салдарынан 249 жеке үй газсыз қалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«ҚазТрансГаз» АҚ баспасөз қызметінің хабарауынша, апат 23 қыркүйек күні Түрксіб ауданындағы «Қайрат» ықшамауданында болды.
«КамАЗ көлігі ДУ-108 мм орташа қысымды газ құбырына соғылды, нәтижесінде газ желісінің L-5м зақымданды. Сондықтан 249 тұрғын үйге берілетін құбырларға газ жіберу тоқтатылды», – деп хабарлады « ҚазТрансГаз Аймақ « АҚ баспасөз қызметі. Жол-көлік оқиғасына қатысты арыз, Алматы қалалық Полиция департаментінің жол полициясына берілді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Дәрігерлер шайды қашан ішу керек екенін айтты
06.09.2026 12:42
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
06.09.2026 15:56
Қанттың зияны тағам түріне байланысты ма: диетологтар ескертуі
06.09.2026 15:23
Ауырмаудың жолын іздеңіз: иммунитетті қалай күшейтуге болады
06.09.2026 17:32
Кездейсоқ миллионер атанған адамдардың қызықты оқиғалары
06.09.2026 14:30