Алмалы ауданында ХҚБ 2022 бағдарламасының 2-кезеңі аясында 34 жоба іске асырылуда, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Оның ішінде 20 – аула аумақтарын жөндеу, 8 – автосуаруды орнату мен көгалдандыру, 5 – қоғамдық кеңістіктер құру және 1 – урналарды орнату бойынша. Бұл туралы аудан әкімі Айдар Жақыбаев Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында айтып, бүгіндегі 30 жоба орындалды, 4 жоба бойынша жұмыстар жүруде.
- Абаттандыру қала мен ауданның барлық бағдарламаларының маңызды бөлігі болып табылады. Жүзеге асыратын жобалар сапалы қалалық ортаны құруға көмектесіп, Алматыда жайлы өмір сүруге ықпал етеді. «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасының арқасында тұрғындармен бірлесіп аула аумақтарын абаттандыруды көп қамтимыз. Жоба тұрғындарды кез-келген жергілікті мәселе бойынша біріктіреді, көршілерді ақылдасуға тартады, ауланы, саябақты немесе алаңды қалай жақсы жабдықтау керектігін түсінуге мүмкіндік береді. Бағдарлама 2019 жылдан бері жұмыс істейді. Тұрғындар ұсынған жобалар 2020 жылы жүзеге асырыла бастады, - деді Алмалы ауданы әкімі Айдар Жақыбаев.
Айта кетсек, қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша 2023 жылы Алматының сегіз ауданы «Халық қатысатын бюджет» аясында өз жобасын дамытуға қосымша 7 млрд теңгеден алды. Алмалы ауданына бағдарламаны іске асыруға қосымша 875 миллион теңге бөлінді.
Оқи отырыңыз: Алмалы ауданында жайлы мектеп қашан салынады