Мегаполистегі көше шамдарын басқаратын 800 шкаф жаңартылады

Алматы әкімдігі / пресс-служба акима Алматы
Алматы әкімдігі / пресс-служба акима Алматы
Қала тұрғындарынан электр шкафтарының ашық тұратыны жайлы шағым түсті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жыл басынан бері мегаполисте «Алматы Қала Жарық» МКК күшімен сыртқы жарықтандыруды басқарудың 220 шкафы жөнделді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Қала тұрғындарынан көше шамдарын басқаратын шкафтардың есігінің үнемі ашылып тұратыны жайлы шағым түскен. «Алматы Қала Жарық» мамандары дұрыс қызмет көрсетілмегендіктен, құрылғылардың жағдайы мәз емес екенін айтады. 

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдан бастап Алматының сыртқы бақылау жүйесі жекеменшіктің иелігінде болды және тек 2023 жылы қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен қаланың балансына қайтарылды.

- Бұл қалқандарда жоғары ылғалдылық пен температураның өзгеруіне жол бермейтін бақылайтын датчик бар. Соңғы уақытта жабдықтың істен шығуі жиі тіреледі. Оның үстіне бейберекетсіз қосу-өшіру бақыланбайды, қалаған адам өшіріп-қоса алады, - деді «Алматы Қала Жарық» МКК басшысы Игорь Мысик.

Бұрын хабарланғандай, жеке серіктес орнатқан басқару шкафтарының ажыратқыштары сапасыз болып шықты. Бұл көше жарығының жиі өшуіне басты себеп. Кей жерде электр нысандары ашық және жерге тұйықталмай, бұл адамдардың өміріне қауіп төндіруде.

Жағдайды түзету жұмыстарын «Алматы Қала Жарық» МКК қолға алды. Жеке серіктестің қызмет үшін бюджет ақшасын ала отырып, жарықтандыру нысандарына қызмет көрсету жөніндегі шарттың міндеттемелерін орындамағаны жұмыс үдересін қиындатады және кешіктіреді. Әзірге барлық жабдыққа тексеру жүргізіп, оны қаланың коммуналдық меншігіне беру керек.

Сонымен қатар қалада сыртқы жарықтандыруды басқарудың 800 шкафын ауыстыру жоспарлануда, бұл сыртқы жарықтандыру желілерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы әкімдігі қала бойынша жарықтандыру мәселесіне байланысты құрамына ABM-Vuilding 2007 компаниялары, «Электроремонт» ЖШС және «ABM-Project» ЖШС құрамына кіретін жеке серіктес-консорциумға қарсы екінші сатыдағы сотта жеңіске жетті.

Оқи отырыңыз: 2024 жылы Алматыда 35000 көше шамы қалпына келтіріледі

Новости партнеров