|
29.12.2022 | 13:07
1755

Алматының Кәсіпкерлер палатасы республикалық маңызы бар реестрге қосылған мәселелерді атады

22 проблемалық мәселе қаралды

Алматының Кәсіпкерлер палатасы республикалық маңызы бар реестрге қосылған мәселелерді атады РСК

Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өтіп бара жатқан 2022 жылдың қорытындысын жасады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол мамыр, қыркүйек айларында Алматы қаласында Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа төрағасы Р.А. Баталов және  Алматы қаласының әкімі Е.А. Досаевпен кәсіпкерлердің кездесулері өткенін айтты.

Аталған кездесулер барысында айтылған мәселелер ҰКП жұмысындағы республикалық маңызы бар тізілімге қосылған.

Мәселен:

- Алматы қаласы Алмалы ауданының прокуратурасымен бірлесіп, қоғамдық тамақтандыру саласымен айналысатын 8 кәсіпкерге әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды жою бойынша көмек көрсетілді. 349 800 теңгеге бизнес субъектілерінің құқықтары қорғалды.

- Solva микроқаржы ұйымының өтініші бойынша, Палатаның көмегімен қалада кәсіпкердің жарнамалық нысандарын орналастыруға тыйым салу туралы шешімнің күші жойылды. Прокуратурамен Қалалық жоспарлау  және урбанистика басқармасына қатысты қадағалау актісі енгізіліп, кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Есепті кезеңде Палата 203 нормативтік құқықтық актінің жобасына сараптама жүргізді. 30 жобаға ескертулер жолданды. Негізінен, ескертулер тарифтердің, салық мөлшерлемелерінің негізсіз көтерілуіне және экономикалық есептердің жоқтығына қатысты.

2022 жылы Кеңестің 10 отырысы өтті. 22 проблемалық мәселе қаралды. 7 лауазымды тұлғаны жауапкершілікке тарту шаралары қабылданды.

Мәселен, 2022 жылы «Медеу» мұз айдынынан «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортына такси – электр көліктердің жүруіне бұдан бұрын негізсіз тыйым салынған болатын.

Әкімдіктің «Алматы қаласының жекелеген аумақтарына көлік құралдарының кіруіне шектеу қою туралы» қаулысына сәйкес, ауданда тұратын және (немесе) жұмыс істейтін жеке және заңды тұлғаларға тиесілі және (немесе) қызмет көрсететін көлік құралдары және электрмен жүретін көліктер, коммуналдық қызмет көліктерінің жүруін қоспағанда, «Шымбұлақ» шатқалының ерекше қорғалатын табиғи аймағына көліктердің кіруіне шектеу қойылды.

Кеңестің әр түрлі отырыстарында бұл мәселе үш рет көтерілді.

Нәтижесінде, Палатаның бастамасымен Алматы қаласының табиғатты қорғау прокуратурасы «Медеу» саябағына ұсыныс енгізіп, оның қорытындысы бойынша, саябақ электрокөліктермен жүретін барлық таксопарктерге көлікпен жүруді қамтамасыз ету туралы шешім қабылдады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир