«Бақытты отбасы» отбасын қолдау орталығы арқылы жыл басынан бері 18 445 қызмет көрсетілді, 764 офлайн курстар, 4500 онлайн курстар өткізілді, 500 адам «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздері бойынша курстарда оқыды, 205 адам 200 АЕК мөлшерінде гранттар алды, оның ішінде 121 көпбалалы отбасы бар.
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-конференция барысында Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің м. а. Архат Омаров айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
2020 жылы халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған «ІСКЕР АНА» тігін цехы ашылды. Сонымен қатар, «Жұлдыз» базарының әкімшілігі кондитерлік өнімдерді сату үшін сауда орнын, «Барыс» базарын шаруашылық тауарларын сату нүктесін бөлді.
Жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері бойынша «Almaly» Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды, ашылған күннен бастап 730 азамат 4800 қызмет алды.
Сонымен қатар, жекеменшік компаниялармен бірлесіп, халықтың әлеуметтік осал санаттарын қолдау бойынша келесідей жұмыстар жүргізілді:
1) Азық-түлік көмегімен 6276 адам қамтылды (470 тыл еңбеккерлері, 5153 әлеуметтік осал топтағы азаматтар, 37 мұқтаж, 150 көп балалы және аз қамтылған отбасы, 100 мүгедек балалары бар отбасыға азық-түлік көмегі көрсетілді, 66 аз қамтылған отбасы, 300 аса мұқтаж қарт азаматтар мен мүгедектер)
2) Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына 40 ҰОС және ҰОС ардагерлеріне азық-түлік жиынтығы, тұрмыстық техника тапсырылды;
3) 100 отбасы аяқ киім түрінде балаларды қорғау күніне арналған қайырымдылық көмекпен қамтылды;
4) «Мектепке жол» акциясымен 200 бала қамтылды (мектепке керек-жарақтары бар сөмкелер табысталды);
5) Отбасы күні аясында Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында ем қабылдап жатқан 14 балаға қайырымдылық көмек көрсетілді;
6) Аналар күнін мерекелеу аясында қалалық Адам репродукциясы орталығында көп балалы аналарға тегін медициналық тексеру жүргізілді;
7) 650 отбасы гуманитарлық көмекпен (киім, аяқ киім) қамтылды;
8) қарттар айлығы кезеңінде ауданның 5818 қарт азаматына кардиолог, эндокринолог, офтальмолог, уролог, неврапотолог, хирург және т. б. мамандарды тарта отырып, медициналық тексеру жүргізіліп, 34 млн тг астам сомаға дәрілік заттар берілді.